Сарғайып жатты көк белдер – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сарғайып жатты көк белдер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Сарғайып жатты көк белдер,
Сарғайып келді көктемдер.
Сарғайып хаттар жазады,
Ауылдан сонда кеткендер.
Сарғайып атты ақ таңдар,
Сарғайып батты көп күндер.
Босамай жонда жатқан қар,
Сарғайып сайды өптіңдер.
Сол жылдар, суық ақпандар,
Сарғайтып кімді кеттіңдер?
Сәуледей нәзік үмітін,
Арулар жүрген тербетіп.
Сарғайып тосты күні-түн,
Бір хатты жүрек шөлдетіп.
Сарғайтып келді хаттар да,
Сарғайып жауған жапырақтай.
Әр сөзі сол бір шақтарда,
Кеудеде жанды от-шырақтай.
Сеземін сонау жылдарды,
Белгісіз кеткен есімдер.
Сарғайып салған мұңды әнді,
Сұңқарын күтіп жесірлер…
Күресіп көңлі күдікпен,
Сыңарын әлі кәрі анам –
Келеді деген үмітпен
Сарғайып жолға қараған.
Сарғайып жүріп сезеді,
Ағарып шаштың кеткенін.
Сағымдай сол бір кездегі,
Сағыныш жастық көктемін…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарғайып жатты көк белдер өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сарғайып жатты көк белдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарғайып жатты көк белдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарғайып жатты көк белдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері