Арман атты мен білетін бір ән бар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арман атты мен білетін бір ән бар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Арман атты мен білетін бір ән бар,
Айтар оны орман, таудан сұраңдар.
Айтар оны, қайталаумен тек қана,
Қанатының екпінімен қырандар!
Айтар оны, ойхой дала желі ескен,
Қуған талмай бір белесті белестен.
Қозғап кетіп құрбы жігіт кеудесін,
Армандатқан мен де бір ән емес пе ем...
Қол бұлғаған таңдай әппақ бір сұлу,
Көзде күлкі, кеудемде ауыр күрсіну.
Балға балап сімірер ем, дариға-ай,
Қолында оның тұнып, мейлі, тұрсын у.
Арман атты мен білетін бір ән бар,
Айтар оны орман, таудан сұраңдар.
Айтар оны қайталаумен тек қана,
Қанатының екпінімен қырандар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман атты мен білетін бір ән бар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арман атты мен білетін бір ән бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман атты мен білетін бір ән бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман атты мен білетін бір ән бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері