Бұл бетте «Қарасора» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бозарыпсың боз дала нала сора,
Бетегең де тыныпты аласара.
Зеңгітетін басыңды бейуақыт,
Кеткенге ұқсайд көбейіп қарасора.
Қарасора келетін тебінгіден,
Күтсем күтем тек сенен өлімді мен.
Шеккендердің «азайып» қайғы-селі,
Өмір сүру оларға жеңіл білем.
Жеңеріне адамды сенімді ме ең?
Қарасора – қара мұң қара батпан,
Орын алдың оңдырмай бар алаптан.
Әлдекімдер тұншықса түтініңе,
Қадады ине біреулер жаралап тән.
Қалжырайды буыңнан...
Құнығады,
Сұмдықпенен санасы былығады.
Құны әлемнің ол үшін бақыр тиын,
Саудың тілін содан соң кім ұғады?
Кәйіп қурай – атауың қарасора,
Аздырасың қоғамды жара сала.
Менің халқым көреген,
Әу бастан-ақ,
Боларыңды білген ғой қара сор, ә-ә ...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі