Жалғыз соқпақ, көмескіленген
Бұл бетте «Жалғыз соқпақ, көмескіленген» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғыз соқпақ, көмескіленген,
Итшіледім. Сорым алдымда.
Балағат сөз көп естіп елден,
Қарадай мен жолығам мұңға.
Тағдыр – қатал: безерленеді,
Жаным жалдап, тыраштанамын.
Шөл. Ерінім кезерген еді,
Тал түс. Әлі – қыр аспағамын.
Құтырған жел – айбынады анық,
Жүргізбейді, табанда – шөңге.
Кірпігіңді қайғыға малып,
Сенбедің-ау маған да, пенде.
Құйын – досым, лағамын еріп,
Білмегемін жөнін-жосығын.
... Итке ас-суын бағамын беріп,
Құлымын ғой көңіл-қошының.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі