Ескерткіш – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ескерткіш» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Ескерткішін көріп тұрып Мұхтардың,
Естен кетпес бір нәрсені ұққанмын.
Елі сүйсе, құламайды асқар тау,
Елі сүйсе, батпайды екен шыққан Күн.
Ескерткішін көріп тұрып Мұхаңның,
Бұлтартпастай ақиқатты құп алдым.
Лаулап жанып дүниені жылытқан
Ұлылардың ұшқынынан тұтандым.
Тас мүсінін көріп тұрып дананың,
Ғаламатын сездім ақыл-сананың.
Ескерткіштер...
Ескерткіштер – белгісі
Ертеңдерге
Ескі менен жаңаның.
Кемеңгердің көріп тұрып кескінін,
Кең кеудеме бермес едім еш тыным.
Тек ескерткіш
Тұрар мәңгі қалпында,
Айлар асып, жылдар жылжып, көшті күн.
Көп болса да көк тіреген мұнара,
Ескерткіштен биік болмас, сірә да.
Мәрмәр тастан орнатылған тұғырда
Мұхтар сынды отырғанда ғұлама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескерткіш өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ескерткіш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескерткіш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескерткіш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері