Өскемен көшесі

Бұл бетте «Өскемен көшесі» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 584
Өнеге қалар әр кез өскен елден,
Қашанда құрметке дос кенелген.
Ылғи бір сай тасындай азаматтар
Сау етіп келе қалды Өскеменнен.
Осында ән әуені, жыр тізбегі,
Қыз-жігіт әр жүректен сырды іздеді.
«Басқаңды қоя тұр да, – дейді бір қарт, –
Үйіне Өскеменнің кіргіз мені».
Қуантып жігіт-желең ата-ананы,
Қарттардан осылайша бата алады.
Бұл кеше өскен елдің салтын сақтап,
Бұл көше «Өскемен» деп аталады.
Қол бұлғап терезеден, есіктерден,
«Қуаныш құтты болсын!» – десіп келген
Қосылып қанша бауыр,
Қаншама ауыл,
Секілді бар Өскемен көшіп келген.
Көмектің түрі көп қой тағы осындай
Өзеннің арна тартқан сағасындай.
Өскелең өміріне көрік берген,
Өскемен Арқалықтың ағасындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өскемен көшесі өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Өскемен көшесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өскемен көшесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өскемен көшесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері