Ішім өлген, сыртым сау – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Ішім өлген, сыртым сау» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2015
  • 2
  • 10
  • 62661
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау:
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ1 және шау2.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр-ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын-ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар-ау.

1 Дәрменсіз
2 Тосырқап, тоқырап қалу


Пікірлер (10)

Нургул Сериккызы

Өте керемет.Мәнерлеп окуга катысатын едим жаксы болды го.Осы оленмен бас жулде алам деген умиттемин

Нургул Сериккызы

керемет

Кеңес Сабина

Абай Құнанбаев ең керемет ақын

Myrza

Өте керемет өлең

Папасының жалғыз гүлі

Абаи Құнанбаиұлы Қазақстандағы ең керемет ең алғашқы жазушысы .Бәрімізге Абаи атамыздың жолын берсін ..

Mejowoo

Өте керемет және терең мағыналы өлең....

Ии

Оте керемет

Каратистка

Оте керемет прям супергой

Каратистка

Оте керемет прям супергой

Жанар

“Ішім өлген, сыртым сау” өлеңін оқып шықтым — бұл туынды маған адамның ішкі сезімі мен айналадағы адамдарға деген сенім мен күдіктің қақтығысын терең түсіндіреді. Абай достың ертең жауға айналуы, өтірік мінез бен жалғандықты ашық суреттей отырып, адамгершілік пен шынайылықтың маңызын көрсеткен. Мұндай өлеңдер оқырманды ойландырумен қатар, әр адамның өз жүріс‑тұрысын бағалауға итермелейді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері