Абыралыға

Бұл бетте «Абыралыға» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.03.2015
  • 2
  • 5
  • 29569
Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираәтін1 оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді2.

Намазшамның3 артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық4 берген кісідей,
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл намазы –
Бәрі желге кетеді.

«Иннатайына кәлкәусар»5,
Пашол дереу, күнәкар
Аяғын ойлап айтқаны:
«Әні-шаны күлаптар».
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

1 - Қираәт (арабша) – оқу, құран оқу.
2 - Нәпіл (арабша) – міндетті бес уақыт оқылатын намазға қосымша оқылатын намаз.
3 - Намазшам (парсыша) – күн бата оқылатын намаз. Шам – кешкі, кеш.
4 - Жер ұшық – ауырған адамды күн батар алдында күн батысқа қаратып жерге жатқызып-тұрғызып ұшықтау.
5 - «Иннатайына кәлкәусар» - Кәусәр сүресі.


Пікірлер (5)

Арай

Неге 2,3,4 беппо жазылган>_<

Арай

Керемет

Мусульманка

Керемет күшті! Осы өлеңді жаттап алдым!!!

Zhanibek

Keremet

Дария

Қызық

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абыралыға өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Абыралыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абыралыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абыралыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері