Торғайдың атырабында – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Торғайдың атырабында» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1990
Торғайдың атырабында
Өткен талай ұрыстар бар.
Торғайдың топырағында
Қираған қылыштар бар.
Тұлпарлардың тұяқтары
Қара жерді тепкілеген.
Жылап бала, жылап кәрі,
Медеу беріп дос тілеген.
Ат арыды ауыздықтан,
Нәр татпаған қанша күннен.
Ел езілген жауыздықтан,
Қара жерге қан төгілген.
Тар заманның жат тынысы
Талай тағдыр тайталасқан.
Амангелді ақ қылышы
Адалдықты айқара ашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торғайдың атырабында өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Торғайдың атырабында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торғайдың атырабында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торғайдың атырабында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері