Кереңдік – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кереңдік» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Естуімше ел оны «есті» дейді,
Ескермеген, есірік, еш дүлейді.
Сыбырлағын, мейлің сен, айқайлағын,
Құлағы оның ештеңе естімейді...
Еріккеннің көнбейтін ермегіне,
Еш алаңсыз отыр ол, төрде, міне.
Өзгеге ұқсап, сенбейді ол естігенге,
Сенеді тек, көзімен көргеніне...
Топырақтан көреді тал өскенін,
Тал басынан естімей ән ескенін.
Сөзбен жүрген осынау дүниеге,
Көзіменен қарайды нәрестенің.
Күн ағысын қабылдап сыртыменен,
Көңілімен, көзіне мұң түнеген.
Бұлт пен бұлттың көрсе де соғысқанын,
Аспан даусын естімес күркіреген...
Ізсіз-түзсіз барады жылжып ағын,
Сол ағыспен келеді бір жылағың.
«Өлтіремін» – десең де ол естімейді,
Естімейді Күләштай бұбұл әнін.
Дыбыстардың еткен соң құрбан бәрін,
Ақтарылып айта алар кімге арманын?
Әлемдегі естуден тұратұғын,
Ғажайыптан сезбейді құр қалғанын.
Кереңдіктен жоқ шығар ешкім өлген,
Көрместер бар, түйені ешкі көрген.
Көзі тұрып, қорлық жоқ көрмегеннен,
Ести тұрып, қорлық жоқ естімеуден...
Үн теңізден үстімді тасқын көміп,
Көп қызықтан бұл күнде қаштым, жеріп.
Естімейтін мен керең дүниенің –
Айқайлаймын, құлағын ашқым келіп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кереңдік өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кереңдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кереңдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кереңдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері