Кетті деме, ойын ойлап баланың – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кетті деме, ойын ойлап баланың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Кетті деме, ойын ойлап баланың,
Бала көңіл, болар кейде нала мұң.
Аяғыңды шағып алар байқатпай
Жылан жоқ. тас деп көшесінде
қаланың…
Өтірікпен өзін-өзі кім алдар,
Әрнәрсенің астарында күмән бар.
Есесіне –
көшесінде қаланың.
Өріп жүр ғой. адам өңдес жыландар..
Аш қаланың ашылмаған сыры әлі,
(Өміріне өрмекші тор құрады.)
Тас көшелі, қала жақтан жүзіме
Үрей үйіріп, суық бір леп ұрады.
Ертеңімнен үмітімді текке үздім,
Ұйқыменен өмірді көп өткіздім.
Даладан кеп, жалтақтаймын жол
таппай,
Арасынан жылуы жоқ көк мұздың…
Еріксізден, қабағыма қайғы алғам
Қорқыныштан тілім кейде байланған
Сен, мен арман еткен қала, ордалы
Жыландардың ұясына айналған…
Қызығымды қидым қиын жыр үшін,
Тіршіліктің шайқап төкпей ырысын
Күн астында, күн шығармас өзгеге
Құрысын тек, “күндестіктер” құрысын!”

16/I-1991 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетті деме, ойын ойлап баланың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кетті деме, ойын ойлап баланың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетті деме, ойын ойлап баланың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетті деме, ойын ойлап баланың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері