Саяхат

Бұл бетте «Саяхат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2291
Одесса

Ұшпаған оққа, жанбаған отқа
Одесса міне алдымда менің.
Күмбездей биік көтерген көгін,
Теңізбен бірдей алады демін.
Көшесі толы шұғыла мен жарық,
Көшесі толы аңыз бен дастан,
Ажалды қалай жеңгенін алып
Оқисың әрбір жаралы тастан.
Басамын әрең топырағын аяп,
Қан тамбаған жер жоқ қой мұнда.
Гүлдерден көзім алады тоят,
Көңілім сонау сұрапыл жылда.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саяхат өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Саяхат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саяхат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саяхат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері