Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Тым ертерек ағарса шашың, жарым

Бұл бетте «Тым ертерек ағарса шашың, жарым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Мен оған кінәлімін, айыптымын.
Кеудеңдегі қызғаныш, ашуларың,
Сыртқа шықса сырларын жайып бүгін.
Айналып мықты күзет, тас қамалға,
Пәктікті аяулыңнан тілеп едің.
Шашың егер ағарса басқа жанға,
Менің жазған айыпты бір өлеңім.
Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Шыңдай жүріп бойыңда шыдамды әр күн,
Қап-қара маған деген ашуларың,
Ағарып сыртқа шыққан шығар бәлкім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тым ертерек ағарса шашың, жарым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тым ертерек ағарса шашың, жарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тым ертерек ағарса шашың, жарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тым ертерек ағарса шашың, жарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері