Мың жылдық сағыныш

Бұл бетте «Мың жылдық сағыныш» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Мендегі сол сағыныш – басталды күзден де ұлы,
Ескірген сол үміттен күдерін үзген жылы...
Қуарған жапырақтар!
Қақым жоқ қаралауға,
Шер жұтып келдім жалғыз суалған жағалауға.
Шығыстық сері шаһар, мен сенен сорға кеттім,
Апарып тастаңдаршы аулама жолдар ескі...
Белгісі секілденіп жастық шақ күнәсінің,
Шөп басып жатқан шығар иесіз лашығым.
Құрбымның қолы тиген құлпымдай тот мүжіген,
Қарайды енді бәрі жабырқап жат жүзімен.
Есінде қалдым бірақ, ескілеу сол қаланың,
(Ең соңғы шерлі ақыны әрине, мен боламын...)
Күтеді Қаратаудың мызғымас құм төбесі,
Күтеді қожайынның маңқиған сұр төбеті...
Күтеді, күтеді олар –
Жанарын жолға қадап,
Сол жылдар сағынышы маған да болды аманат.
Һәм мұңлы, һәм өкпелі Кентаудың кеші бейғам,
Жайымен тартып алар басыңды тосын ойдан.
Сәнімен күзді жасқап, әнімен жалғанды ұстар,
Саған кеп қонақтайды қанаты талған құстар.
Жыр болып оралады тіліңе қырлардан бір,
Ақшамда Өзбек шалдың ауласын жуған жаңбыр.
Қараша демі салқын қалтырар емен қолы,
Жаныңды қинайды ұзақ айықпас шемен болып.
Мың жылдық сағынышты жасырып кеткем
мұнда,
Аяқсыз жырым жатыр тұмандар шөккен қырда.
...Мендегі сол сағыныш, басталды күзден де ұлы,
Ескірген сол үміттен күдерін үзген жылы...
Аялсыз өтті жылдар өкпесін қолына алып,
Жалыққан шығар бәлкім, далалар мені бағып.
Іңірде Сауран жақтан жетеді жебе дауысы,
Мезгілде кегің болса, о, таулар менен алшы...
Сені еске ап шертіп біраз жылдардың
домбырасын,
Бейуақ... бозғыл айдың бетіне тамды жасым.
Ғасырлар сүйегіндей біздерге жеткен сынып,
Кентаудан басталған жол кеудеме кеткен сіңіп!

21.10.2010 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мың жылдық сағыныш өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Мың жылдық сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мың жылдық сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мың жылдық сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері