Жолдағы достар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жолдағы достар» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1123
(аударма)

Келдім мен астанаға
серік қылып көгілдір арманымды,
тамашалап жағада таңғы ағынды.
Қала жатты оранып боз тұманға.
Елемеді мені ешкім қарға ғұрлы.
Жарқыраған сәнді үйлер мен көрмеген
(мен өйткені жырақтан, елден келгем),
тұншықтырып кеудеңді қысады екен
газдың иісі ұласып бензинменен.
Алғашында мен түкке түсінбедім,
ақ арманға титтей дақ түсірмедім.
Шешек қырған жандардың моласынан
қатты шошып үдеді ішімде мұң.
Елтімедім қаланың гүліне мен,
жыр қумасам қаладан түңілер ем.
Әр кеш сайын жұпыны жатағымда
жыр маржанын теруші ем түніменен.
Мен түсіне бастадым,
өмір деген кімге сор, кімге бақыт,
жеткізбейді алдамшы жүрдек уақыт.
Әр кеш сайын ойлардың толқынында
малтып жүрдім бір шығып, бірде батып.
Мен осылай өмірді бастағанмын,
көңілде арман, биік құз-асқар алдым.
Қиын жолды - жыр жолын қуып бердім
азап көрдім, жанарды жасқа малдым.
Жандар көрдім азаптан құтылмаған,
әділетке тапшы екен бүкіл ғалам.
Дүниеде көп екен адамдар да
жараланып жүректен, тыпырлаған.
Мен солармен достықтан арылмағам,
мұндай достар бұрын-соң табылмаған.
Үйретті олар өмірдің шындығы мен
адалдықтың, достықтың бәрін маған.
Жүректерге мұң құйдым жырларыммен,
алдарынан үміттің шамын жағам.
Олар маған сана мен сезім берді,
қуат берді бойыма жалындаған.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдағы достар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жолдағы достар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдағы достар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жолдағы достар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері