Гүл аузындағы жер шары

Бұл бетте «Гүл аузындағы жер шары» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Бейбіт өмір тіршіліктің аңсары,
Жапырақ жайған сұлулықтың дер шағы.
Жалын-өртке жанып кетпей, үлбіреп
Гүл ашып тұр, гүл аузында жер шары.
Гүл көзінен таңдар атты, батып күн,
Куәсі боп қасірет пен бақыттың.
Қалай, жер-доп ұшып кетпей шыдаған,
Жауап беріп дауылына уақыттың?.
Көк қойнына батып кетті күн байып,
Сағат сайын жер салмағы ұлғайып.
Өмірден бір өніп шығып жарыққа
Жапырақтар алақанын тұр жайып.
Адамзатпен аспанның бір қабағы,
Қабағынан танып өзін табады.
Жердің шарын көтеріп тұр үзілмей
Қалай, гүлдің сынып қалмай сабағы?.
Күнге еркелеп жапырақтар саусағы,
Ашылғандай бар әлемге бар сәні.
Өртеніп не ұшып кетпей дауылға,
Гүл аузынан гүл ашып тұр жер шары.
Кезек алып бір өмірден бір өлім,
Өзгертуде тіршіліктің реңін.
Жердің шары – дірілдесе шайқалып,
Дірілдейді гүлдей қорқып, жүрегім.
Жалғасуда бір күніме бір түнім,
Түн күзетіп, ілінбей жүр кірпігім.
Гүл ішінен жер шары тұр гүл ашып,
Өрт шықпасын, бір талынан шырпының.
Өтер жылдар, артып төзім, арға сын,
Аршып кірден, ақыл-ойдың арнасын.
Өмір иіріп, зырылдайды уақыт,
Адамзаттың айналдырып шар басын.
Бейбітшілік – бар әлемге ортақ үн,
Ортақ үнге, үмітімді артамын.
Адамзаттың қолындағы жер шары,
Жанып-ұшып кете ме деп қорқамын.
Сіміріп бір сәулелі аспан жаңбырын,
Сіміріп бір табиғаттың ән-жырын.
Күнге ғашық гүл көтеріп тұрғандай,
Мынау ұлы жер шарының тағдырын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл аузындағы жер шары өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Гүл аузындағы жер шары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл аузындағы жер шары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл аузындағы жер шары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері