Дидарыңды аңсасам

Бұл бетте «Дидарыңды аңсасам» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 475
Мөлтілдеген көзем халін сұраған жан бар ма екен?
Өксіп аққан өзен зарын сұраған жан бар ма екен?
Аңыраса, саз-ән, сарын – жылаған жан бар ма екен,
Дидарыңды аңсасам!

Ессіз, анау самал желден сәлем айтып жіберсем,
Алау гүлі шайқатылып, кеудемдегі күрең сең!
Алақаннан сусып кетер, - мына дүние – күл, өңшең,
Дидарыңды аңсасам!

Кешірші, - деп, тәубе-теңіз тереңіне құлаймын,
Жүрегіме сырға салды – Ғарыштағы сыр-айдын!
Пенделіктен ада болып, періште боп, жылаймын,
Дидарыңды аңсасам!

Қыран-қанат құштарлығым – көкке қанат жаясың,
Күн батарда қаныменен жырларымды боясын!
Қияметте нәсіп етші – Аршының саясын,
Дидарыңды аңсасам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дидарыңды аңсасам өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Дидарыңды аңсасам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дидарыңды аңсасам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дидарыңды аңсасам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері