Түрмедегілерге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Түрмедегілерге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1464
Бектерім, божырамай белдерің бу,
Қар шөгер қайрат — асқар, тәуекел — ту.
Сабыр етіп, саясында отырсаңдар,
Құритын өз-өзінен уайым — су.
Бұлбұлдай сақардағы сайрарсыңдар,
Бақ, бостан болып бір күн айналаң ну.
Қасыңнан қуаныштың дариясы ағып,
Қаңқылдап қонар оған қаз бенен қу.
Дегендей "Жан қинамай, нәпақа жоқ",
Таң атып, тамашамен тартарсың ду.
Сабыны Саттар Хақтың — шеккен бейнет,
Деп берген: "Кемді күнгі беттерің жу!"
Үмітті, ойлы ерлерім, үзе көрме,
Кеңшілік көтеріліп кетті деп ту.
Шығарар саулыққа Алла шыбыныңды,
Оқ өтіп жатқанменен үстіңнен зу.
Тағдырға тән байламай, тыпыршылап,
Етудің керегі жоқ қой - қой тігу.
Достының Мұхамбеттей үмбетіміз,
Есіркер, қоймас халықты ішкізіп у!
Міндіріп бәріңе де бақ бедеуің,
Ұстатып қолға тізгін дегіз, ер: "Шүу!"
Үмітті осы еткен еш айламай,
Жарықтан қолдарында жарылқану.

1933


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері