Жаратқанды пәктеп тұр – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жаратқанды пәктеп тұр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 596
Жәннәт күлкі – мендегі, гүл жихазын құрғамын,
Шашбауында көктемнің – сыңғырлаған сырға-күн!
Алау түске шомылған – ымырттағы жырларым,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Жауып жатыр төбемнен – сары гүлдер нөсері,
Көктемімен қауышқан – көңіл неткен хош еді!
Сағыныштан бұлт таққан – көкжиектің кешені,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Әлемінде – тыныштық, тынысында – гүл өмір,
Толассыз бұл тірліктен- панасына түне бір!
Махаббаттан мүлгіген – мүкті қара, міне бір,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Келші, дұға қылайық- жұма келді, ақ боп бір,
Жайнамазда жалындап, дәргахына шоқ боп кір!
Өзі берген кітаптарым – өзін ғана пәктеп тұр,
Жаратқанды пәктеп тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері