Өлдi адам – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Өлдi адам» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Өлдi адам.
Өмiр немене?
Сөндi де тiрлiк көрiгi,
Топырақ өстi төбеде,
Адамдар бiрге кемiдi.
Жақынды салып қайғыға,
Ажал мұң сыйлап танысқа.
Тән кiрiп жердiң қойнына,
Жан ұшып кеттi ғарышқа.
Естелiк болып көңiлге,
Жүрiсi, сөзi, күлкiсi,
Тым суыт келген өлiмге,
Iлесiп кеттi бiр кiсi.
Теңселдi сыңсып бар ағаш,
Жақсылық iсi айтылды.
Төбеде тiлсiз қара тас,
Төрт тұстан қиық ай тұрды.
Тұрмайды уақыт, ағар күн,
Келедi кезек басқаға.
Болғанын мұндай адамның,
Есiңе салар тас қана.
Қалқайған құлпытас қана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері