Тағы да саған жүгiнем – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Тағы да саған жүгiнем» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Тағы да саған жүгiнем,
Ей, менiң дана ақылшым.
Қол үзiп тiрлiк жiбiнен
Сен неге үнсiз жатырсың?
Көнердi жолым таңдаған,
Бастасам деймiн бiр iстi...
Екiншi «өзiм»,
сен маған
Жақсылап тұрып ұрысшы.
Сен маған қатал қара да,
«Салбырап, сасып жүрме» де.
Әйтпесе, тыныш жағаға,
Әкетiп барад бiр кеме.
Қолдарыңменен қарулы,
Сүйре теңiзге бұрқасын.
Марғау тәнiм мен жанымды,
Толқындар қақпақылдасын.
Оятып бойда сезiмдi,
Жимасам естi бүгiн дәл –
Өзгенi емес, өзiмдi,
Жалықтыратын сұрым бар.
Созылмас үшiн бұл қанша,
Сен маған қатты ұрысшы.
Iшiмнен сынап тұрғанша,
Сен өзiң iске кiрiсшi...
Ей, менiң «менiм»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері