Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 897
Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң,
Құры кеудемдi тiреу ғып,
Әңгүдiктiгiмдi ерлiгiм деппiн,
...Неғылсын менi шын ерлiк.
Көзiмнiң алдын көре алмай тұрып,
Көкжиек жаққа үңiлгем.
Көлденең жұрттар таусылмас үмiт,
Байқаса дегем түрiмнен.
Ерекше болу iшiнде көптiң,
Өзгеше болу дұрыстай –
Басқалар менi түсiнсе деппiн,
Өзiм түсiнуге тырыспай.
Ей, шала басым, сезiншi, не бұл –
Бәрiне құлқым тойған шын...
Өзеуреп тұрған өзiмшiл көңiл
Өзгенi қайтiп ойларсың?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері