Соқпақ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Соқпақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2178
Аралап ойды, дөңесті,
Соқпақтар сансыз таралған.
Кейбірі тартып көмескі
Келеді көне заманнан.
Көрсетіп жолды ағында
Мұхитта жатыр мың соқпақ.
Тек айға соқпақ салынбай
Тұрды адам қанша жыл тоқтап.
Құшағын енді Ай ашты,
Қиын да болмас баруға.
Не жетсін бірақ алғашқы
Соқпақты салған адамға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқпақ өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Соқпақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соқпақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқпақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері