Көлеңке
Көлеңке,
Мен сенің түсінемін тағдырыңды
Қатсаң да қаншама рет салдыр үнді
Білемін, сен мүлде тым жек көресің
Қар, боран,жауын мен жаңбырымды,
Қалай да ауыстырайын тағдырыңды
Өмір сенің ахуалыңды қиындатты
Сенен келіп күлкі мен сый ұрлапты
Сен біреудің сұлбасын қайталайсың
Сенікін қайталауды бұйырмапты
Адамдар саған назар аудармайды
Себебі, адамдарға мал, жан қайғы
Сұлбасын қайталау да оңай емес
Қиындықты оңай адам аңғармайды
Ешкім сені тұрмайды жаман көріп,
Сен әрқашан ойнайсың адал болып,
Ал , кейбір қиын сенің тағдырыңды
Түсінбейді надан болып,
Ал, надан. Мықты болсаң.
Көлеңкемен (і)рөліңді ауыстыршы
Өмір сүру ұнамаса адам болып
Өмір дейтін кинода мен - еркемін
Айта алмастай, кештің ғой сен ерте мұң
Ей, Сценарист! Рөлімді ауыстырып бер,
Мен орынында болайын көлеңкенің
Мен бүгін көлеңкемін
*****
Көлеңке боп салдыр үнді ағытпасам,
Мен жақсымын, адамды жә, құптасам
Келеді мына маған шабыт қашан?
Шабыт үшін мен қитұрқы бағыт басам
Адам болып өмірде мәз таппадым
Көлеңке боп жарытпасам…
Айтпақшы, Жарық қашан?!
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі