Үлгерейін…

Бұл бетте Құсайын Бекнұртің «Үлгерейін…» өлеңінің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түріңді көрген сәтте айнадағы
Жаныңның басталады байбаламы
Түсінесің уақыттың өткенін сен
Жүрегіңді қынжылтады қайғы алауы

Кішкентай бала болған жастан өттің
Болашаққа арманыңды асқар еттің
Білемін бала болып қалғың келеді
Келмейді ересек дер жасқа жеткің

Ойнаған ұнайды ғой бала болып
Ал қазір жүр уақытты жаңа көріп
Сен ойнаған сәттерің жазылады
Ересек жүрегіңе жара болып

Жара болып, түсінші мұны да шын
Түсінбесең, бар бәлеге ұрынасың
Сен өскенде ойнаған сәт-шақтарың
Қайта айналып келмейтінін ұғынасың

Естелікті бүгін мен тағы ақтардым
Ақтармасам таусылды тағаттар мың
Өзіңді-өзің тоқтатшы,
Әйтпесе мен,
Шықылығын тоқтатам сағаттардың

Уақытым зымырайды күнде бейім
Күннен бастап қараңғы түнге дейін
Уақыт! Жылдамдықты бәсеңдетші
Бала болып мен ойнап үлгерейін!
Бала болып мәңгілік күн көрейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлгерейін… өлеңінің авторы кім?

Құсайын Бекнұр — осы өлеңнің авторы.

Үлгерейін… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлгерейін… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құсайын Бекнұр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлгерейін… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері