Туымның тұғырлығы

Бұл бетте «Туымның тұғырлығы» атты Құсайын Бекнұр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Уа, менің Ұлан Ғайыр Ұлы Далам,
Өзіңсіз қазағымның күні қараң.
Сенен де мен алыстап кетсем-дағы
Болса екен, елім аман, туым аман.

Жеттік біз бостандыққа ел аңсаған,
Ел аңсаған, елім үшін, келер шамам.
Қандай да бір қиындық туса-дағы
Қолымнан не келеді, берем саған.

Асқар таулы,арайлы, кең мекенім.
Жүрегімнің жартысын сенде етемін.
Әрқашан біліп жүрем, білемін де
Бақытымның мәңгілік сенде екенін.

Бағалайтын елдегі бар арысын.
Отаным! Сен мен үшін бағалысың
Елім үшін еңбектенген жастарымның
Болашаққа бастайтын қадамысың

Азаттықты алдық біз, Азат берік,
Бабаларым көктен қуан, ғажап көріп,
Отан үшін отқа да түсе алмасақ
Несіне туғанбыз біз қазақ болып?!?

Басқа жерге кетсең деп азғырса адам,
Мен кетпеймін, себебі, мәзбін саған.
Өзіңе махаббатты көрсету үшін,
Махаббатпен арнауды жаздым саған.

Жігер берер, Рух берер Ғажапстан,
Самал желмен еседі сазы алыстан.
Соққан жүрек өзіңе арналады
Отаным, өлкем менің Қазақстан!!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туымның тұғырлығы өлеңінің авторы кім?

Құсайын Бекнұр — осы өлеңнің авторы.

Туымның тұғырлығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туымның тұғырлығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құсайын Бекнұр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туымның тұғырлығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері