Орынсыз өкпе – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Орынсыз өкпе» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1662
Кеше маған өкпе айтады ескі досым,
Көптен бері көрмеген,
Кінәмшілдің көңілінде күй құбылар,
Ойыңа да келмеген,
Осыншама нала, наза найзадай боп
Атылса да сыртымнан,
Аққа құдай жақ деген ғой,
Шүкір, тәуба,
Мен әйтеуір өлмегем!
Сен неліктен кінәлайсың болмашыға
Долбар жасап сыртымнан,
Төңкеріліп әуеніңе би билеуге
Міндеттімін мен неден?
Мен де өзіңдей бір атаның баласымын,
Қайтіп зиян жасайсың,
Кеңістікті кезіп жүрген бір-бір жанбыз,
Ізгілікке шөлдеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері