Шаруа туралы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Шаруа туралы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7306
Қазаққа пайда мынау малын бақсын,
Отқа жайып, суарып бағып - қақсын.
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайып қайдан тапсын?
Байлар малын бақса екен өзі жүріп,
Кедей де өлмес еді күнін көріп.
Өз малын өзі бақпай бос қаңғырып,
Бір кедейді жалдайды пайда көріп.
Жаман бай кімді оңдырар өзі оңбаған,
Жанын қорыттап суыққа бір тоңбаған.
Ішпей, жемей, киместен кетеді өліп,
Кей жаман мал бітсе де, бақ
қонбаған.
Күт деген бұрынғылар малдың астын,
Малдың астын астын күтпесең, мандымассын.
Алдыңнан мал, үстіңнен үйің кетсе,
Жата алмассың кеуек қып қардың астын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа туралы өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Шаруа туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері