Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1400
Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін,
Бұйығы белге салған көз қиығын,
Өзегі өртенумен өте берген,
Ілгенше иығына бөз киімін,
Құйындай құтырынған уақыт ұйтқып,
Бездірген жеті жұрттың жез киігін,
Таскеуде төбедегі қағып қойып,
Мысқылы ұялаған кермиығын,
Жиыны аузын буып, көзін жұмып,
Ұйымның өткізетін без бұйрығын,
Тиымын тиынымен бірге үйіріп
Тартқызған өзектіге сөз күйігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері