Өлең, жыр, ақындар

Такси

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3798
Ала таңнан асығып жұмысыма,
Шығып едім көшенің бұрышына.
Қасыма кеп бір такси тоқтай қалды,
Міне салдым ырза боп мұнысына.
Жүргізуші сыпайы жігіт балаң,
Сөз тастады кіршіксіз күліп маған:
«Алғаш мінген жолаушым құтты болса,
Сол күн Тәңір жарылқап, дұрыс табам.
Көлдей шалқып көңілім, сол күні мен,
Анау-мынау аңғармай олқыны мен,
Жанымдағы жандармен әзілдесіп,
Аға берем жасыл жол толқынымен.
Алғаш мінген жолаушым алаң болса,
Ренжулі не тұйық адам болса,
Қызыл жанып көлденең көше сайын,
Ол күні мен олжасыз қалам сонша.
Жан екенсіз жайдары, жылы жүзді,
Бірден баурап алдыңыз ініңізді.
Қайда асығып барасыз?
Кім боласыз?
Айтыңызшы, ағатай, шыныңызды».
«Иә, қалқам,
Әр таңның ырысы бар,
Күтіп тұрған әр жанның жұмысы бар.
Кешігуге болмайды уақыттан,
Сәл кешіксең, тірліктің қыры сынар.
Ал, мен өзім – көп жұрттың біреуімін,
Жан біткенге жасылық тілеуі мың.
Арман қуып таксилер аға берсін,
Асыққанға бола біл сүйеу, інім».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шапанның шағымы

  • 0
  • 0

Қазақ салтында салмақты,
Шапан едім ардақты.
Құрметті қонақ келсе көбіне,
Отырғызып төріне,

Толық

Ұлбикенің соңғы әні

  • 0
  • 0

Дүлдүл ем Ошақтыда дара туған,
Ол баста ақын болып жаратылған.
Құйылған көмейімнен сұлу сөздер,
Үш жүздің баласына таратылған.

Толық

Тасбақа мен қаршыға

  • 0
  • 0

Бір кездері Қаршыға мен Тасбақа,
Жануарлар секілденіп басқа да,
Жер бетінде қатар өмір сүріпті,
Бір-бірімен араласып жүріпті.

Толық