Уақыт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Уақыт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2132
Жоғалған нәрсе табылар,
Ұмытқан еске алынар.
Бәрін де артқа ұзатып,
Оралмас кері уақыт.
Теріс те кейде жөнделер,
Орнына қайта дөңгелер.
Бәрін де артқа ұзатып,
Оралмас кері уақыт.
Жарыңмен кейде қағысып,
Кетерсің қайта табысып.
Бәрін де артқа ұзатып,
Оралмас кері уақыт.
Жаманның атын өшіріп,
Адалды алға көшіріп,
Ағарған таңмен бір атып,
Зырлайды мәңгі уақыт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері