Күн зулайды – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Күн зулайды» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1002
Күн зулайды,
Тынымсыз түн зулайды,
Түнде-уайым қусаң да,
Күндіз- қайғы,
Шыбын жанды
Ұмтылған шексіздікке,
Пәни жалған шындығы
Шынжырлайды,
Асықпа деп ұшуға,
Басу айтып,
Тұңғиық көк төбеңде
Тұнжырайды,
Айнала қоршай қашып,
Алыс кетпей,
Неге сырлас қылмайды
Жұлдыз айды?
Селеу басын бір сипап,
Жан сергітіп,
Ерке жел де
Ерігіп ызғымайды...
Іздеуден
Жалықпайтын ізгі жайды,
Көңіл көзі
Бір сәтке мызғымайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері