Өмір бізге артады талай жүгін – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмір бізге артады талай жүгін» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1745
Өмір бізге артады талай жүгін,
Орта жолда қалуды қалайды кім,
Алқынып, асығамыз әлденеге
Шығардай алдымыздан арайлы күн!
Жан-жаққа лақтырады өмір бізді,
Жолдардың шаңы басар көңілді ізгі,
Кеше ғана көктемде күлімдеп ек,
Бүгін кешіп келеміз қоңыр күзді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері