Археолог – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Археолог» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 5
  • 2515
Мекен еткен бабалар,
мекен еткен аналар
жатыр жердің астында
құмға батқан қалалар.
Археолог ағалар
өткенді оймен шамалар,
сол қаланың бәріне
сапар шегіп аралар.
Мен қызығып қарадым:
баяғының қамалын,
ел қорғаған батырдың
сайманы мен жарағын.
Аталардың шақшасын,
патшалардың ақшасын –
ағаларды мақтайды ел,
соның бәрін тапқасын.
Еңбек еткен бұлданбай,
ер ағалар бұл қандай!
Батыр бабам барлай кеп,
ұрпақтарым қандай деп,
бізге қарап тұрғандай.
Бабаларды тірілткен,
қалаларды тірілткен
археолог ағаға
қарайды жұрт үмітпен!
1976


Пікірлер (5)

Мақпиза

Рахмет ❤

Мақпиза

Рахмет

Ж. Индира

Өтте күшті рахмет ????????❤❤

Ж. Индира

Рахмет ❤❤

Нұрланқызы Нұрай

өтте керемет маған көмектесті және маған қатты ұнады❤️????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері