Молодец, бастық! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Молодец, бастық!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Молодец, бастық!
Сөзінде тұрды, ерледі!
Ұят па? Қой оны, жерледі...
Ашпаған есігі жоқ,
Шынжыр табан боп сүйреді...
Көмекке келді мансап,
Батыр да кәрді жан сап.
Бәрібір іс енбеді.
Еңбек сүйремеген соң
Зілмауыр атақ
Бағынбады, келмеді.
Бастық сөйтіп көк тері шығып
Япыр-ай, босқа терледі.

29.01.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері