Үндер мен жанар – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Үндер мен жанар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 811
О, жетер, қаға бермеші
Алтын арфа пернесін.
Қарашы көзден жас парлап,
Еркіндік жүрек тілейді.
Өр үннен перне басқанда-ақ
Ескі мұң менде үдейді.
Үздіге ғашық көзіңді
тастасаң болды өзімді
Ұмытып,
көне көңілді
Бүгіннен бастап өшіріп,
Алар ем күллі өмірді
Қас қағым сәтке көшіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері