Перзенттің тілегі – Тоқтарқанова Дана

Бұл бетте «Перзенттің тілегі» атты Тоқтарқанова Дана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде,
Маңайыма нұр шуағын шашқан кезде,
Демеу болдың «Әке-Ана» деп ең алғаш
Титтейімде жердің бетін басқан кезде.

Тұлымшағын желбіретіп өсті балаң,
Рахмет сізге Ардақты Әкем,Аяулы Анам.
Сеніміңді ақтаймыз деп бүгінде,
Сертін берді ұл-қыздарың аялаған.

«Ана» деп талай әнші ән салды,
«Әке» деп талай дүлдүл жар салды.
Қуаныңдар ағайын,қуан бүгін,
Ата-ананың ақ үміті ақталды.

Әкем-Анам шегі жоқ теңізсіздер,
Сол теңіздің толқыны мына біздер.
Мақсатына сүрінбей жету үшін,
Балаңызға ақ батаңнан беріңіздер.

Алдыңда ержетті ғой ұл-қыздарың,
Маңдайыңа туа біткен жұлдыздарың.
Әкем-Анам жүректерің қартаймасын,
Қам көңіл ешқашан ортаймасын.

Я АЛЛАМ,балаларды әкелерден айырмасын,
Аналардан айырып жетімдікке бұйырмасын.
Бақытты етсін әр перзенттің Ата-Анасын,
Бұл фәниде Әке-Ана қайғырмасын,жыламасын!

Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы


Пікірлер (5)

Айман Жунусова

Айналайын қызым,жазған өлеңдерің керемет, сол өлеңдеріңмен Фариза апаңдай елге танымал бол.

toktarkanovad

Рахмет! Əминsmiley

Олжас Русланович

Бəрекелді !

Aigerim_bas

Дана сен мыктысын!!! 

Aigerim_bas

Биіктен көрін!!!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері