Атамекен-Самарым – Тоқтарқанова Дана

Бұл бетте «Атамекен-Самарым» атты Тоқтарқанова Дана жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.

Ыстық сенің әрбір тасың,өзен-көлің,
Етегіңде еркелеп, төске өрледім.
Балалық шағым сенде өтті,
Сен тұрғанда Жерұйықты көксемедім.

Сұлу Лайлы ағады бұраңдаған,
Ауылымды қақ жарып сылаңдаған.
Қалбаның кемерінен бастау алып.
Ерке қыздың бұрымындай бұлаңдаған.

Тауларың бар Алтайдай асқақтаған,
Көгіңе қол жетпейтін бұлтың қонған.
Сыңсыған шыршаң менен қарағайың,
Әр жұтым ауаңа де мейірім қанған...

Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атамекен-Самарым өлеңінің авторы кім?

Тоқтарқанова Дана — осы өлеңнің авторы.

Атамекен-Самарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атамекен-Самарым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атамекен-Самарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері