Атамекен-Самарым – Тоқтарқанова Дана

Бұл бетте «Атамекен-Самарым» атты Тоқтарқанова Дана жазған туған жер туралы өлең берілген.

Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.

Ыстық сенің әрбір тасың,өзен-көлің,
Етегіңде еркелеп, төске өрледім.
Балалық шағым сенде өтті,
Сен тұрғанда Жерұйықты көксемедім.

Сұлу Лайлы ағады бұраңдаған,
Ауылымды қақ жарып сылаңдаған.
Қалбаның кемерінен бастау алып.
Ерке қыздың бұрымындай бұлаңдаған.

Тауларың бар Алтайдай асқақтаған,
Көгіңе қол жетпейтін бұлтың қонған.
Сыңсыған шыршаң менен қарағайың,
Әр жұтым ауаңа де мейірім қанған...

Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері