Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi
Бұл бетте «Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнерiп аспан, көктемнiң сәнiн кетiрдi,
Төгiлiп моншақ, құтырық жел де лепiрдi.
Нелiктен мына қайыңдар бүгiн көңiлсiз?
Жаз келмей жатып, күз болып қойған секiлдi.
Нелiктен аспан сәулесiн күннiң жасырды?
Сұрланып дала көктемнiң реңiн қашырды.
Тiршiлiк бiткен маужырап мүлде қалған ба,
Сайрауық құстың әндерi неге басылды?
Көңiлсiз дала, көз жасын төгiп тұрғандай,
Тыныштық келiп әлемге билiк құрғандай.
Ойлана алмай, мең-зең боп мен де отырмын,
Оңдырмай бiреу төбемнен қатты ұрғандай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі