Перзенттің тілегі
- 2
- 5
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде,
Маңайыма нұр шуағын шашқан кезде,
Демеу болдың «Әке-Ана» деп ең алғаш
Титтейімде жердің бетін басқан кезде.
Бұл бетте «Мәңгіліктің бейнесі!!!» атты Тоқтарқанова Дана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде,
Маңайыма нұр шуағын шашқан кезде,
Демеу болдың «Әке-Ана» деп ең алғаш
Титтейімде жердің бетін басқан кезде.
Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!
Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.
Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.
Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!
Муратбек Гулмира
Оте тамаша жазылган олендер, биіктерден корине бер Дана.
toktarkanovad
Рахмет