...ға
Бұл бетте «...ға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешікпе шалғай далада,
Жалынам, жаным, күтем, кел.
Бір сәтке маған қара да,
Қоштасып бол да кете бер.
Қадалған көзің дәл сонда,
Айтқан бір сөзің соңғы арнап,
Күстанаң мейлі, болса да,
Көңліме қалар мәңгі орнап.
Жазмыштың зарлы кезінде
Жанымды жеген кезіңді
Елестетіп көзіме,
Айтармын айтқан сөзіңді.
Қауышып ойша қалармыз,
Алармын еске бәрін де:
Кездестік алғаш қалай біз,
Қоштастық қалай мәңгіге.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі