Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Андрей Шеньеден

Бұл бетте «Андрей Шеньеден» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Мен майданда мерт болармын мәңгілік,
Иә болмаса ел кезермін қаңғырып.
Мүмкін тіпті сұм өсектен түңіліп,
Жұрт алдында жаудан тауым жығылып,
Ар-намыстан арылмайтын дерт қонып,
Әдейі өзім жанып кетсем өрт болып;
Тақпа кінә жаны күйген балаға,
Жалынамын — жазба мені табаға.
Көп қинадым, жыла мейлің, бишара,
Құдай сүйер қылығым жоқ, не шара.
Өр дұшпанды өшіктірген өзіммін,
Алсын кегін, бірақ шыны сөзімнің:
Жауыз емен, солай болды тағдырым,
Шындық үшін қидым елге барлығын;
Жады қауым алып әбден еркімді,
Діңкем құрып, бұза алмадым сертімді.
Жасадым мен жұртқа көбін залалдың,
Бірақ, жаным, сен дегенде адалмын.
От ішінде жүрсем де ылғи мен жүдеп,
Сені ғана сүйдім ғой тек елжіреп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Андрей Шеньеден өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Андрей Шеньеден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Андрей Шеньеден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Андрей Шеньеден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері