Сізде жатыр тағылым – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Сізде жатыр тағылым» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2017
  • 0
  • 2
  • 6429
(Шәкірттердің өз ұстаздарына тілегі)

Айтсақ сөздің әділін,
Ұстаз жанын біліп ұқ.
Сізде жатыр тағылым,
Сізде жатыр ұлылық.

Білім – қанат, кереге,
Керек дедік бүгінге.
Сізде жатыр өнеге,
Сізде дедік білім де.

Ашып білім сандығын,
Жамандықтан жирендік.
Жақсылықтың барлығын,
Ұстаз, Сізден үйрендік.

Әр сынақтың төрінде,
Білімменен жалғанды із.
Оқуда да, өмірде,
Сізден тәлім алғанбыз.

Ұстаздық жол тұрақты,
Болды сізге бақыт күн.
Жаныңызды қуантты,
Алғыстары шәкірттің.

Сіз көрсеткен қияға,
Ұмтылдық біз жетпекке.
Ұстаз сөзі ұяда,
Жаңғырады мектепте.

Құрмет бар деп білімге,
Таңдадыңыз жолды шын.
Шәкіртіңіз бүгінде,
Айтар Сізге алғысын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Жанболатқызы Қаламқас

бұл өлең өте керемет екен маған да керегі ося болпатын рахмет сізге ! ❤❤❤

Авазханова Бибиайша

Өте керемет өлеңңңң

Осы автордың басқа өлеңдері