Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер

Бұл бетте «Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2017
  • 0
  • 1
  • 5689
Ғашық болып бір-біріңе көрсеткенде шат қылық,
Алғы күннен осы той боп оянатын тәтті үміт.
Енді, міне, сендер үшін орындалып сол арман,
Шаңырақ пен босағадан кірді бүгін бақ күліп.

Бабалардың ақ үмітін тек осылай жалғаңдар,
Жүректегі ақ сезімді еш сөндіріп алмаңдар.
Келешегің нұрлы болып екеуіңе келсін де,
Орындала берсін дәйім көңілдегі армандар.

Үміттерің тойға ұласып, міне, өмірде болған шын,
Тек алдағы әрбір күнің шаттық болып жалғансын!
Әр ойлаған ойларыңа ілессін де ізгі нұр,
Тілегіңді, арманыңды Тәңір солай оңғарсын!

Тек шын сүйген жандарда әр кез болмайды ешбір, жоқ күдік,
Сондықтан да қос жүректе осы той боп жатты үміт,
Қарады да екеуіңе босағадан бақ күліп,
Енді, міне, бақыт таңы сендер үшін атты нық.

Сынақтардан қол ұстасып бірге жүріп өтіңдер,
Сол үшін де қыз-көңіл мен сертке лайық бекінді ер.
Махаббаттың сол шырағын еш сөндіріп алмастан,
Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер.


Пікірлер (1)

Мирамгул

Өте тамаша керемет өлеңдер.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері