Жасиды тек гүл біткен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 506
Сәл күте тұр – мәңгілікке айналам,
Жалыққанмын мына жебір тірліктен.
Мойытпайды мені сосын қайғы-алаң,
Жасиды тек гүл біткен.
Суалғанда сарқыраған кенерем,
Сексеуілдер сыбырласар түздегі.
Шашын жайып жылары анық тек өлең,
Ескен кезде күз лебі.
Аспан сол күн түсері анық айналып,
Қазбауыр бұлт шөккен кезде жерге кеп.
Жәдігөйлер сала берер жайланып,
Қабірімнен берген кезде мен дерек.
Жылап аққан өзендері даланың,
Кемерінен асып кетер осы күн.
Аждаһа-уақыт ашқан кезде аранын,
Қатады анық көркеуделер қосып үн.
Өтінемін, тілегім бар сұрайтын:
Жылар болса риза емеспін, кімде-кім.
...Ақ қағазға жасын төгіп жылайтын,
Қаламымды аяп кетем – шын жетім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасиды тек гүл біткен өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жасиды тек гүл біткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жасиды тек гүл біткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасиды тек гүл біткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері