Максим Зверевке – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Максим Зверевке» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 646
(70 жасқа толуына)

Сүлеймен патшадан соң бар махлұқтың
Тілдерін түгел білген Мақсым ағай,
Деп,— «солардан жазылмас әлі жұппын!» —
Жетпістен жөнеп кетті әрі қарай.
Денесінің тіктігі — тау-текедей
Саулығында ылғал жоқ, құлан-таза.
Балаларын бағымпаз бейне әкедей,
Қарауылдап жүреді, бермей маза.
Аты —«аңның баласы» болғанымен,
Адам түгіл махлұққа мейірімді.
Тауды, орамды, даланы шолғанымен,
Білмейді қабақ шытып кейуіңді.
Натуралист адамдар нақ осылай,
Жәндіктерге жағатын қыбын тапсын!
Жетпісте де жігіттей жүр жасымай,
Хұрметті ағай — Зверев, біздің — Мақсым!

24 ноябрь, 1966 жыл. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері