Өлең, жыр, ақындар

Болса да алап – ойлы алап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1446
Болса да алап – ойлы алап,
Ағады өзен аңқылдап.
Қыздардың жолы қайдалап,
Жәудіреп қарайд салқын бақ.

Даланың жанын жылтқан күн
Аспанда емес, мұнда тұр.
Сабылып өткен бұлттардың
Сарқыты құсап шық жатыр.

Шығыңды, көктем бұлдама,
Шыныңды ұғар жан қайда:
Боразда салса, бұл дала
Ұқсайды қатпар маңдайға.

Әр бұта тынып жасырды үн,
Жасыру мүмкін қиянат?
Осын-ау жерде ғасырдың
Ақылы жатыр ұялап.

Не керек ақыл, ой маған,
Өз басыма қонбаса ол.
Табан ба кейде таймаған,
Үзіліп қалса – жол ма сол!..

Қасиетіңді сезем, жер,
Әр бұтаң болды баспана.
Ылайсыз ақса өзендер
Сәулесі түсер тасқа да.

Айналды тасқа кейбіреу,
Мезгілін сезіп жығылар.
Қолынан келсе елжіреу
Тас болып не жыны бар?!

...Қоңырқай дала, баспалап
Өседі гүлдер – салқын бақ.
Құм жұтынып, тас жалап
Ағады өзен аңқылдап.

Келбейді аспан көзіңде –
Ойлану солай басталар.
О, дала сенің өзіңде
Тастар да бар, бас та бар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болса да алап – ойлы алап өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Болса да алап – ойлы алап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Болса да алап – ойлы алап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болса да алап – ойлы алап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері