Баурына ап тау мен қырды түн қызғанды
Бұл бетте «Баурына ап тау мен қырды түн қызғанды» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Баурына ап тау мен қырды түн қызғанды,
Тыныштық талды айнала қамады кеп.
Теңізде ашық жатқан жұлдыздарды
Толқындар ұмтылады жабамын деп.
Талықсып ескен самал баяулайды,
Сайларға бозғыл сағым қалады ұйып.
Кәрі аспан төсегінде ай аунайды,
Жабысып жамбасына жабағы бұлт.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі