М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Жаратқаным!
Берші маған – мүмкіндік,
Құдірет бер бір күндік.
Сонда бұлттан ашар едім аспанды,
Састырар ем асып, сосын тасқанды.
Қара ойлардың ағартар ем түстерін,
Қорқаулардың қағар едім тістерін.
Ақ түстерге ғұмыр сыйлап мәңгілік,
Теріс ойды жіберер ем жандырып.
Адалдарды шың басына шығарам,
Арамдарды азаптауды құп алам!
Ізгілікті оздырамын төріме,
Қатыгезді айдап салам көріне.
Жақсылардың сылып алам қайғысын,
Еңбегіне орнатамын сай мүсін.
Жамандардың жай ойнатам басына,
Таяп қойып барлық сорды қасына.
Шаттығына куә болып шартарап,
Әділдік бір құрар сонда – салтанат.
Жаратқаным!
Берші маған – мүмкіндік,
Сыйла маған құдіретті бір күндік!..
Жаратқаным!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастанын оқығаннан кейінгі ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері